Бүгін «Ғылым апталығы» аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да халықаралық EKTU RnD FORUM-2023 форумы өтті.
Дәстүрлі түрде, форум алдында қонақтарға университеттің материалды техникалық базасы, ғылыми орталықтары, зертханалары таныстырылды.
Пленарлық сессия барысында «RnD – ғылым мен бизнесті дамытудың тиімді механизмі», «RnD қолдау механизмдері: Қазақстан тәжірибесі мен халықаралық трендтер», «RnD қолдау механизмдері: Қазақстан тәжірибесі мен халықаралық трендтер» талданып, ғылым мен бизнес интеграциясының тәжірибелік көрінісіне сындарлы пікірлер айтылды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеделхат арқылы форумның ашылуына сәттілік тілеп, маңызын, кәсіптік министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан ғылымды қолдау жұмыстары туралы толыққанды ақпарат берді.
Қазақстандағы Германия елшісінің тұрақты орынбасары Холгар Колли, ҚНУ Президенті Роммель Волрад, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов, “QazInnovations” Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ Басқарма Төрағасы Санат Аханов және т.б. спикерлер.
Форумда ғылым мен бизнесің интеграциясындағы ең маңызды аспект – екі сала арасындағы байланыс екені, бұл үрдіс қаншалықты қиын болмасын заман сұранысына сай алғашқы коммуникациялық механизмдері жүзеге асып жатқаны айтылды.
Спикерлер БАҚ өкілдері, қатысушылардың сұрақтарына да жауап беріп, іс-шара соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, концерндер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.