• 29.01.2025

За знание

жаңалықтар порталы

Эссе. Менің мамандығым-менің таңдауым

Қыр 25, 2023

Әлемде көптеген түрлі мамандықтар бар, олардың әрқайсысы өте қажет және жауапты. Адам дәрігер мен мұғалімсіз, наубайшы мен жүргізушісіз, өмір сүре алмайды… Бірақ ең қауіпті және ауыр, менің ойымша, кенші мамандығы болып табылады. Кеншілер-бұл жер бетінде және оның көп метрлік қабаттарында қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар болып табылады.
Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Бұл жұмыстың өте қиын екенін білемін, ол үлкен шыдамдылықты, ерік-жігерді, адалдықты, батылдықты және ең бастысы адамгершілікті қажет етеді. Кеншілер кейде төтенше жағдайларда жұмыс істейді, және оларға техника емес, өзара көмек, бірлесу қабілеті, көмекке келуге дайындығы көмектесетін жағдайлар да болады. Әдетте, кеншілер ең қиын жағдайлардан абыроймен шығады.
Дана халқымыз, “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” демекші, менің отбасымда әкешім осы салада қызмет етеді. Осы мамандықты таңдауды бала кезімнен армандайтынмын. Неге? Себебі «Бақыршық алтын кен орны» қызметкерлеріне сүйсіне қарайтынмын. Олардың қызметтері, киген формалары ерекше болып көрінетін. 11 жыл оқуымнан кейін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқу орнына түсіп, қазіргі таңда 2 курс оқып жатырмын.Бұл оқу орнына түскеніме ешқашан да өкінген емеспін.Неге дейсіз бе? Оқу орнымның арқасында тек білім нәрімен сусындап қана қоймай өзімнің хоббиларымды дамытқандаймын.Атап айтқандай бұл университеттің басқа университеттен артықшылығы жаңадан келген абитуренттерге мүмкіндік өте көп.Әртүрлі курстар бар, тіпті басқа елге баруға түрлі мүмкіндіктер бар.Осыған орай, мен мамандығымның қыр-сырын дамыту үшін Түркия еліне оқуға барғалы отырмын.
Қиын-қиын тұстары көп болса да, әр уақыт сайын, әр кезең сайын жетіліп отыратын, жер бетіндегі барлық адамның көзін ашқан, мамандықтың ұлысы “кенші” мамандығын таңдағаныма өкінген кезім болған емес. Керісінше, Қ. Сатпаев сияқты ғұламалар салып кеткен сара жолды таңдағанымды, сол жолмен келе жатқанымды мақтан етем. Осы орайда, Абай атамыздың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
деген өлең жолдары еске түседі. Ұстаздарымыз берген біліммен сусындап әр бала өмірден өз орындарын тауып, абыроймен жұмыстарын жасап, ұстазынан озып жатса, ұстаздарымыздың төккен тері ақталғаны емес пе?!
“Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық – адам болып қалу”, деп әйгілі Марти айтып өткендей, кеншілердің еңбегі ерен. Олар елдің дамып, гүлденуіне өз сүбелі үлестерін қосып, өңірлер экономикасына ерекше серпін береді. Қазақстанда ел үшін күн сайын ерен еңбек етіп жүрген осындай мыңдаған маман бар. Тау-кен жұмыстары қауіпті болғанымен, елдің гүлдене түсуі үшін маңызды. Жер астында жұмыс істейтіндердің қажырлы еңбегі құрмет пен ізетке лайық, ал кеншілер күні оларға деген ризашылығымызды білдіруге берілетін тағы бір мүмкіндік.
Қорытындылый келе, «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», – деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шын жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын.Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!

Әділ Ақбота, 22-ГДК-1